• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №346

231 рет
көрсетілді

2015 жылғы 4 маусым, Астана қаласы «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі №265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қазандағы Заңының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 тіркелген, 2006 жылғы 17 тамыздағы № 150 (956) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiңБухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiндемемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі __________ Ә.Исекешев ___________ Е.Досаев 2015 жылғы 7 шілде 2015 жылғы 10 шілде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы №346 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығымен бекітілген Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының кәсіби аудиторлық ұйымдарды (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) аккредиттеу жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың құқықтылығын ресми мойындау мақсатында аккредиттеуден өтеді. 2. Аккредиттеу жүргізу тәртібі 3. «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-портал арқылы (бұдан әрі – Портал) кәсіби ұйымдар аккредиттеуден өту үшін мыналарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысаны. 4. Кәсіби ұйымдардың құжаттарын қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру, қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау мерзімі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күнін құрайды. 5. Кәсiби ұйымдар мынадай талаптарға жауап береді: 1) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары болып табылады; 2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері болып табылады; 3) Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Этика кодексінің талаптарына сәйкес келетін Этика кодексін әзірлейді және қабылдайды. Кәсіби ұйымдардың басқару органы аудиторлар – соңғы бес жылдың үш жылы ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен саны кемінде үш аудитор болатын кәсіби аудиторлар ұйымының мүшелері санынан қалыптасады. Кәсіби ұйымдардың мынадай: 1) сапасын бақылау бойынша; 2) аудит және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша; 3) аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша; 4) этика мәселелері бойынша; 5) дауларды қарау бойынша жұмыс органдары (комитеттері) бар. Кәсіби ұйымдардың сондай-ақ қалауы бойынша басқа жұмыс органдары (комитеттері) болуы мүмкін. 6. Кәсіби ұйымның аккредиттелуі туралы куәлік аккредиттеуді растайтын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында әркет етеді және әрекет ету мерзімі шектеусіз беріледі. 7. Кәсіби ұйымның заңды мекенжайы өзгерген жағдайда аккредиттелуі туралы куәлік қайта ресімдеуге жатады. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін заңды мекенжайы өзгерген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Порталға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсiби ұйымның уәкілетті тұлғасы ұсыну қажет. 8. Уәкілетті орган аккредиттелген кәсіби ұйымдар тізілімін жүргізеді және оны уәкілетті органның сайтына орналастырады. Уәкілетті орган аккредиттелген кәсіби ұйымдар тізілімі өзгерген жағдайда өз интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты өзгеріс туралы ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңартады. Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Өтiнiш ____________________________________________________________________ (кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы, БСН) ____________________________________________ қызметтi жүзеге асыру үшiн __________________________ аккредиттеудi (қайта рәсімдеуді, телнұсқа беруді) сұраймын. Орналасқан жері:_________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ ж. «__»____________________ Кәсiби аудиторлық ұйымның басшысы __________________________________ (Тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Мәліметтер нысаны Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізбесі Мүшелер _____________________________________________________________ ______________________________________________________________________ (кәсіби аудиторлық ұйымның атауы, БСН көрсетіледі) № 1 кесте Р/с № Аудитор-дың ЖСН Ауди- тордың тегі Ауди- тордың аты Аудитордың әкесінің аты (болған кезде) Почта индексі Ел/облыс/аудан/елді мекен Көшенің атауы Үйдің нөмірі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 № 1 кестенің жалғасы Үйдің индексі Пәтердің/офистің нөмірі Телефоны Біліктілік куәлігінің нөмірі Біліктілік куәлігінің берілген күні  Кәсіби ұйымға өту күні Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі Жұмыс орны (аудиторлық ұйымның атауы) 10 11 12 13 14 15 16 17 № 2 кесте Р/с № Аудитор-лық ұйымның БСН Ауди- торлық ұйым- ның атауы Почта индексі Ел/облыс/аудан/елді мекен Көше-нің атауы Үйдің нөмірі Үйдің индексі Пәтер-дің/офистің нөмірі Теле-фон нөмірі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 № 2 кестенің жалғасы Соңғы тіркеу/ қайта тіркеу күні Аудитор-лық қызметті жүзеге асыруға арнал-ған лицензия нөмірі Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның берілген күні Кәсіби аудиторлық ұйымға өту күні Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі Ауди-торлық ұйым басшысының ЖСН Аудиторлық ұйым басшысының тегі Аудитор-лық ұйым басшысының аты Аудитор-лық ұйым басшысы-ның әкесінің аты (болған кезде) «Ауди-тор» біліктілік куәлігінің нөмірі 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Кәсіби аудиторлық ұйымның құрылымы (комитеттер, бөлімдер және т.б.) Р/с № Кәсіби аудиторлық ұйым бөлімшесінің атауы Бөлімше басшысының ЖСН Бөлімше басшының тегі Бөлімше басшының аты Бөлімше басшы­ның әкесінің аты Лауа­зымы­ның атауы Бай­ла­ныстеле­фо­ны Бөлімше басшысының лауазымы Ауди­тордың ЖСН Аудитордың тегі Ауди­тор­дың аты Ауди­тор­дың әкесінің аты (бол-ған кезде) Аудит сала­сында-ғы жұмыс тәжіри­бесі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 сапаны бақылау бойынша халықара­лық аудит және қаржылық есептілік стандартта­ры бойын­ша аудитор­лардың біліктілігін арттыру бойынша этика мәсе­лелері бойынша дауларды қарастыру бойынша * Ескертпе: * кәсіби ұйымдардың басқа жұмыс органдары (комитеттері) болуы мүмкін. Кәсіби аудиторлық ұйымның басшысы _______________________________________ (Тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) _________________ (күні) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 19 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11906 болып енгізілді.